100 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айына бекіткен жоспарына сай Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл (р.а)» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» жобасы аясында 100 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды.
Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Алла елшісі (с.ғ.с) хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деп жақсылық жасаудың маңыздылығын айтып кеткен.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Такеев игі іс жасаған жамағатқа алғысын білдірді. Ал балаларды қуанышқа бөлеген игі шараға мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы қатысып, бүлдіршіндерді қасиетті аймен құттықтады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі