«Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» атты рухани шара өтті
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде Алғыс айту күніне орай «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» атты деген рухани шара өтті.
Бұл шара «Ислам және Отбасы құндылығы» жылы аясында ақ жаулықты аналарды құрметтеп, ұлттық құндықтарды дәріптелді.
Шара шымылдырығын «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Алғыс айта білу - әр адамның адамдық борышы, асыл дінімізде де ұлықталып, салт-дәстүрімізде де әдемі көрініс тапқан» дей келе, Аллаға шүкірдің 3 түрі: жүрек, тіл, денемен жасалынуы, осы қасиетті Рамазан айында Раббымызға деген шүкірімізді осы үш түрімізбен де көрсетуіміз керектігі айтылды.
Сондай-ақ мешіт жастары Алғыс айту күнінде мешітіміздің әр жаулықты анна мен әжелеріне арнап жүрекжарды лебіздерін білдірді. Барша әжелерімізге мерекелік тартулар жасалды.
Шара қортындысында жасы 90-ға жақындаған Жарқынай әжей жиналған көпшілікке батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі