«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағаты Бастаңғыда  бас қосты 3476

«Бақытжан» мешіті: Әйел жамағаты Бастаңғыда бас қосты

27 тамыз 2024 1600 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және Дәстүр құндылығы» жылында «Бақытжан» мешітінде әйел жамағатына арнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, насихатталған шаралар көптеп ұйымдастырылды. Соның бірі қазақтың сонау ғасырдвр бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлерінің бірі – Бастаңғы. 

Бастаңғы – ауыл ақсақалдары, ата-ененің, ауыл үлкендерінің сапар шегіп не көрші ауылға тойшылап кеткенінде ауыл жастарының, әсіресе қыз-келіншектердің бас қосуы болған. Бұл бас қосуда әндер шырқалып, алты бақан тебіліп, жұмбақ, айтыс тб өнерлер көрсетілген. Міне, осы үрдісті жалғастырған «Бақытжан» мешітінің жамағаты «Келіндер ауылы» мен «Шолпылы қыздар» ауылы боп бастаңғыда бас қосты.

Бастаңғы мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Дін мен Дәстүр – қос қазына, қос құндылық» атты насихатпен ашты.

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қазақ халқының сан ғасырлар тарихында дін, діл, дәстүрдің біте қайнасып кеткендігі және салт-дәстүрлерді насихаттауда, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіруде аналардың маңызды ролі мен жауапкершілік жүгі туралы айтылып өтті.

Бастаңғыда ұлттық әндер шырқалып, поэзия оқылды. Домбыраның күмбірлеген қос ішегінен күй төгілді. Жастар жағы бір-біріне жұмбақ жасырып, сондай-ақ білім сайысында сұрақ жауаптармен сынға түсті. Кештің көркін екі ауылдың бір-біріне ықыласпен сыйлаған сыйлықтары, жыр тартулары қыздыра түсті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі