«Пайғамбар  (с.ғ.с) шаңырағының тәрбиесінде» атты семинар өтті (ФОТО) 3659

«Пайғамбар (с.ғ.с) шаңырағының тәрбиесінде» атты семинар өтті (ФОТО)

14 қыркүйек 2024 622 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында әйел жамағатына «Пайғамбар (с.ғ.с) шаңырағының тәрбиесінде» атты әйел жамағатына семинар өтті.

Аталған семинарды облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай ашып, адамзаттың ардақтысы пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтумен басталды. Сонымен қатар наиб имам дін мен дәстүр құндылығындағы отбасы беріктігіне тоқталды.

Ал облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, облыстық мешіттің ұстазы Кенжегүл Кушкарова Пайғамбарымыздың (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке тұлғасы туралы тың мәліметтер берді.

Одан өзге облыстық мешіттің ұстазы Айнұр Мырзабаева, «Бақытжан» мешітінің ұстаздары, РАТТ мүшелері Ақтолқын Тажикова мен Анар Қойшығұлова «Бала тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеттері», «Пайғамбар (с.ғ.с.) баланы қалай тәрбиелеген?», «Пайғамбар (с.ғ.с.) тайм-менеджменті» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Игі шара ақ жаулық әжелердің батасымен қортындыланды. Қасиетті Мәуліт айына орай ұйымдастырылған семинарда ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналы мен «Мұнара» газеті қатысушыларға хадия ретінде тарту етілді. Әйел жамағаты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі