Ақтөбеде «Әжелер мектебі» әйел жамағатына ауызашар берді 3274

Ақтөбеде «Әжелер мектебі» әйел жамағатына ауызашар берді

14 наурыз 2024 404 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы «Әйел-қыздар» секторы және «Әжелер мектебінің белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен оразаның алғашқы күні облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында 130 адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашарға ата-әжелермен қатар қаламызда білім алып жатқан, жатақханада тұратын студент жастар да шақырылды.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ауызашарға жиналған жамағатты мүбәрак айдың кіргенімен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы кеңінен насихат айтты.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Құрманғалиқызы Құрандағы «...жақсылықта жарысыңдар» деген Алланың сөзіне амал етуде көш бойы алда жүретін «Әжелер мектебінің» мүшелеріне алғысын білдіріп, ораза ұстаушы қауымға сауабы мол Рамазан айындағы ғибадаттарының қабыл болуын тілеп, жақсы амалдарда жарысуға шақырды.

Кеш соңында аталар батасын беріп, жиналған жұрт ұйымдастырушыларға алғысын айтты.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі