Мешіт шәкірттеріне «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітаптары таратылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен жоспарына сай Ақтөбе өкілдігінде Ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен Рамазанның екінші онкүндігінде Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің шәкірттеріне «Оразаға қатысты 150 сұрақ» атты анықтамалық кітапшасы таратылды.
Ислам бес парызының бірі – оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған кітапшаны Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен «Бақытжан» мешітінің ұстаздары Анар Қойшығұлова мен Ақтолқын Тажикова шәкірттер ұйымдастырған ауызашарда табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі