«Отбасыдағы әйелдердің құқықтарын қорғау —  басты міндет» атты дөңгелек үстел өтті 3984

«Отбасыдағы әйелдердің құқықтарын қорғау — басты міндет» атты дөңгелек үстел өтті

29 қараша 2024 293 Оқу 1 минут

Елімізде жыл сайын 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығымен бірлескен шара өтті.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің мәжіліс залындағы «Отбасыдағы әйелдердің құқықтарын қорғау — басты міндет» атты дөңгелек үстелге әйел жамағаты, мешіт ұстаздары, «Ихсан» қоғамдық бірлестігінің теологтары және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары қатысты.

Ақтөбе облысы «Әйел қыздар секторының» жетекшісі Кенжегүл Кушкарова аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдарын түсіндіру екендігін айта келе, шараның қоғам маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге спикерлер РАТТ мүшесі, «Ихсан» ҚБ теолог маманы Бисембаева Роза «Мұсылман әйелдің мемлекеттегі тұлғасы», ал «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Баешова Айханым «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы», «Сүлейман ата» мешітінің ұстазы, «Ихсан» ҚБ теолог маманы Исаева Алтынай «Отбасыдағы әйелдердің құқықтарын қорғау — басты міндет» атты тақырыпты баяндады.

Жиналған жамағат мамандарға толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, аталмыш іс-шараға оң бағасын берді.