#Рамазан2026: «Ақыреттік шапағатшым — Рамазан» атты рухани кеш өтті 6090

#Рамазан2026: «Ақыреттік шапағатшым — Рамазан» атты рухани кеш өтті

18 наурыз 2026 85 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің ерлер жамағатының демеушілігімен «Ақыреттік шапағатшым — Рамазан» атты рухани кеш өтіп, оған Ақтөбе қаласынан арнайы «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Орысбайқызы қатысты.

Шара Алланың Кәләмы Құранмен басталып, екі дүние сардары Пайғамбарымызға (с.ғ.ус салауат айтуға жалғасты.

Кеш қонақтары ұстаздар Кенжегүл Кушкарова және Ақтолқын Орысбайқызының тақуалық, білім іздену, нәпсіні тәрбилеу турасындағы өнегелі насихаттары жамағаттың жүрегіне жетіп, ерекше әсер қалдырды.

Жамағат арасында викториналық сұрақтар қойылып, одан әрі шәкірттер дайындаған тәрбиелік мәні зор көрініске ұласты.

Бұл рухани басқосу барша әйел адамға ерекше әсер сыйлап, оларды имандылыққа, бірлікке, ізгілікке үндеді. Шара қортындысында ақ жаулықты әжелер бата берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі