«Исламдағы әйел мәртебесі» атты әйел жамағаты семинар өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Исламдағы әйел мәртебесі» атты әйел жамағаты семинар өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті және Ихсан орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шарада Дозжан Хазірет мешітінің ұстазы Ақнұр Айбарқызы және Қайырқожа мешітінің ұстазы әрі “Ихсан”орталығының теолог маманы Жұлдыз Алдаберген сөз сөйлеп, тақырып аясында түсіндіріп өтті.
Ислам шариғатындағы әйел адамның рөлі мен маңызы аса жоғары және ең қадірлі екендігін Алла Елшісінің хадистерінен көре аламыз. Асыл дініміз қанатын жайғанға дейін көп қоғамдарда әйел баласы құны жоқ зат секілді саналса, Ислам “Жәннат-аналардың табанының астында “ деп ең биік дәрежеге көтергендігі турасында толыққанды ұстаздар қауымы кеңінен талқылап өтті.
Іс-шара соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.