«Құранмен нұрланған жүректер»: Тәж кию рәсімі өтті 6382

«Құранмен нұрланған жүректер»: Тәж кию рәсімі өтті

26 мамыр 2026 37 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ханшайым» мейрамханасында «Құранмен нұрланған жүректер» атты рухани кеш ұйымдастырылып, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің 30 жуық Құранға түскен қыз-келіншекке тәж кигізу рәсімі өтті. 

Ізглікке жол бастар шараны Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі ресми түрде ашып, шәкірттерді құттықтап, Құранға амал ету туралы айтты.

Сонымен қатар Түркістан облысының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі арнайы қонақ ретінде Еңлік Әбиева қатысып, «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында баяндады.

Кеш қортындысында дастархан жайылып, шәкірттер қуаныш сезімдерімен бөлісіп, алғысын айтты. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі