«Әжелер мектебі» ауызашар берді 3244

«Әжелер мектебі» ауызашар берді

01 наурыз 2024 141 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?»-деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с): «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айында ұстаған ораза» деп жауап берген.

Хадиске амал ету мақсатында «Нұр Ғасыр» мешітінің жанындағы «әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен ауыз бекіткен жандарға дастархан жайылды.

Ауызашарда «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегуль Кушкарова шағбан айының қадір-қасиеті және осы айдағы құлшылықтардың маңыздылығы мен сауабы туралы уағыз айтты.

«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Койшыгулова «ислам және дәстүр құндылығы» ата-баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар туралы сөз қозғады.

«Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ақмарал Ерболатова ораза, ауыз ашар, рамазан айына дайындықты шағбан айынан бастау алатынын айта келе, діндегі оразаның үкімі туралы айтты.

Ауызашарға жиналған әжелер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жүрек жарды лебіздерін білдіріп, батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі