#Оразаайт2026: Қари сәбидің тұсауын кесті
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шаралар өтті.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес, Ораза айт мерекесіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде аталған бағыт аясында «Тұсаукесер» рәсімі ұйымдастырылды.
Шараға мешіттің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбет қатысып, қазақ халқының игі дәстүріне сай сәбидің тұсауын кесті. Қари балаға ақ батасын беріп, оның болашағы жарқын, қадамы нық болуын тілеп, арнайы дұға жасады.
Тұсаукесер – баланың алғашқы қадамына ақ жол тілеп, оның өмірде сүрінбей, тура жолмен жүруін ниет ететін тағылымды дәстүр. Бұл рәсім арқылы ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарының маңызы кеңінен насихатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































