«Ислам тарихындағы мешіттер» атты сурет көрмесі өтті 3783

«Ислам тарихындағы мешіттер» атты сурет көрмесі өтті

03 қазан 2024 340 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде Мәуліт айына орай «Ислам тарихындағы мешіттер» атты сурет көрмесі өтті.

Шәкірттер көрмеге 2 номинация бойынша: 8-14 жас және 15 жастан әрі қарай қыз-әйелдер қатысты.

Шара басында мешіт ұстазы Исаева Алтынай Мәуліт айы туралы, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянынан уағыз айтты.

Қатысушылар өздері салған мешіттердің тарихын айтып, ізденістері мен қызығушылықтарын көрсетті.

Жүлделі 2 орынға Хәзіреті Біләл мешітінің шәкірттері ие болды.

Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кушкарова Кенжегүл сайыстың ерекшелігін атап өтіп, онлайн жалғасатынын мәлімдеді.

Қатысушылар мен көрермендерге сыйлықтар табысталып, дастархан жайылды.

Айта кетсек, «Әзіреті Біләл» мешітінің ұстазы Жазира Айбекқызының шәкірттері қатысып, 1-ші және 2-ші орын жүлдегері атанды. Көрмеде Испания қаласындағы «Кордова» мешіті және Гуанжоу қаласындағы «Хуайшэн» мешіті таныстырылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі