«Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел өтті 5848

«Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел өтті

26 қаңтар 2026 40 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Рухани басқосу барысында ислам әдебі, тәрбие және білімнің маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Шара барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Құран оқу әдептері» және «Білім алу әдептері» тақырыптарында насихат айтып, білім жолындағы әйелдің жауапкершілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, «Жанаман ахун Сейітіміұлы» мешітінің ұстазы Арай Бақытқалиева «Дұға әдептері» мен «Отырыс әдептері» тақырыптарын қозғап, күнделікті өмірде әдептілікті сақтау имандылықтың айнасы екендігін түсіндірді.

Кездесу барысында әйел жамағаты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, шараны жандандыру мақсатында танымдық ойындар ойнатылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.