Хромтау: «Дін мен дәстүр» аясында кездесу өтті. 3453

Хромтау: «Дін мен дәстүр» аясында кездесу өтті.

10 шілде 2024 1266 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің жамағатына «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараға  «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы қатысып,  дін мен дәстүрдің байланысы және айырмашылықтары туралы сөз қозғап, ара жігін ашып тарқатып берді.

Бас имам лекциясында: «Дін – адамның  ізгі қасиеттерін асқақтатып танытатын болса, дәстүр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін қажет. Адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беру тиіс.

Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі керек. Екіншіден, сол ұлттың дінін терең меңгергені жөн. Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деп айтуға құқылы. Осы бір ұлт болып қалыптасу үшін берілген анықтамаларға көз салып ой жиегінен өткізер болсақ, барлық шарттардан адамдардың тілі, тарихы, діні мен дәстүрі сабақтастықтары тереңде жатқанын аңғарып түсінеміз», - деп өз ойын жеткізді.