Ақтөбе: ҚМДБ Жастар ісі секторының жауапты өкілі тағайындалды 4141

Ақтөбе: ҚМДБ Жастар ісі секторының жауапты өкілі тағайындалды

07 ақпан 2025 269 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті күндердің сұлтаны жұма күнінде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде  облыстық мешіттің наиб имамы Махамбет Бисенов жұмаға жиналған жамағатқа ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде  Жастар ісі секторының жауапты өкілі ретінде Аслан Қорғанды таныстырды. 

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бұйрығымен Аслан Дәуірханұлы тағайындалды.

«Ақтөбе» медресе-колледжінің, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениетінің түлегі. Алматы қаласында аталған университетке қарасты «Bilim qazyna» қорында қызмет етті. 2023 жылдан бері Ақтөбе қаласында «Досжан хазірет» мешітінде ұстаз ретінде қызмет етіп келеді. 

Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!     


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі