РАНТ мүшесі «Мұсылманның сипаты» тақырыбында насихат айтты
РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3» мешітінің бас имамы Дастан қари Құрманбаев Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен құптан намазының алдында жүздесті.
Уағыз-насихат барысында «Мұсылманның сипаты» тақырыбы аясында сөз қозғалып: «Мұсылман баласының мінез-құлқы дініміздің айнасы десек қателеспейміз. Өйткені, қоғам мұсылманға қарап дінге баға беретіні анық. Әлбетте, көркем Ислам діні пенденің қадір-қасиетімен бағаланбайды. Десе де, мүміннің көркем мінезі, келісті келбеті һәм әдемі әдебімен сипат алады,»-деп атап өтті.
Сондай-ақ әрбір дінді ұстанушы жан барынша адамгершілік, имани қасиеттерді жүрген жерінде өз әрекетімен келісті көрсете білуі тиіс екендігін түсіндірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі