Имам колледждегі Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына арналған шараға қатысты 6113

Имам колледждегі Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына арналған шараға қатысты

20 наурыз 2026 15 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес, Ораза айт мерекесіне орай Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Сертай Жаржанов Ораза айт пен Наурыз мейрамдарының қатар келуіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырып, «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлын құрметті қонақ ретінде шақырды.

Іс-шара барысында мешіттің бас имамы жиналған қауымды Ораза айт және Наурыз мейрамдарымен құттықтап, Ораза айттың рухани маңызы туралы кеңінен баяндап, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде насихат айтып, оның қоғам өміріндегі орнына тоқталды.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітаптары таныстырылып, насихатталды. Рүстембек Аманғосұлы колледж директорына «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томын табыстады.

Одан өзге діни басқармасының биылғы жылға айқындаған төрт негізгі бағытының бірі — «Дәстүр және отбасы» тақырыбына қысқаша түсіндірме беріліп, оның қоғамдағы маңыздылығын баяндады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі