«Qamqor-Sharapat» орталығының өкілі Шалқарда семинар өткізді 3870

«Qamqor-Sharapat» орталығының өкілі Шалқарда семинар өткізді

13 тамыз 2025 217 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында Ақтөбе облысы бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының жауапты маманы Мәжит Әбішев «Уақып – сарқылмайтын садақа» және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша жамағатқа семинар өткізді.

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде өткен шарада «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты маманы Мәжит Әбішев арнайы келіп, зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады.

Сондай – ақ, Мәжит Әбішев жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Одан өзге, уақыптың зекеттен айырмашылығы, уақыптың көріністеріне арнайы тоқталып өтті.

Шара қортындысында қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.