Ақтөбе: Ораза кітапшасы 17 мың тиражбен жарық көрді 602

Ақтөбе: Ораза кітапшасы 17 мың тиражбен жарық көрді

12 сәуір 2021 142 Оқу 1 минут

Ақтөбе өкілдігі Рамазан айының құрметіне арнайы кітапша әзірлеп, қалың оқырманға ұсынды. «Оразаға қатысты 150 сұрақ» және «150 вопросов о посте» атты кітапшалар 17 000 тиражбен жарық көрді. Бұл кітапша – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Муфтият» баспасында басылды. Кітапшаның басты ерекшелігі елдің көкейінде жүрген оразаға қатысты 150 сауалдардың жауабы берілген. Ораза ұстаушы өзін толғандырған сауалына жауап табуына өте қолайлы.

Бұл шағын еңбекте – қасиетті Рамазан айына қатысты көпшілікті толғандыратын сұрақтардың жауаптары топтастырылған. Оразаның түрлері мен шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар, қадір түнін күту, иғтикафта отыру, жолаушы мен науқасқа қатысты және әйел кісілерге тән тұстары қамтылған. Сондай-ақ, зекет пен пітір садақа жайлы да сауалдардың жауабы берілген. Кітапша – жалпы оқырманға арналған.

Сонымен қатар зиялы қауым мен БАҚ өкілдеріне және мекеме басшыларына Бас мүфти атынан Рамазан айымен құттықтау хаттары таратылып, мешіттерде ораза кестесі халыққа тегін үлестірілуде. Бұдан өзге оразаға қатысты сауалдарына жауап іздегендерге «Рамазан 2021» мобильді қосымшасы арнайы іске қосылды. Ол бағдарламаны Play market арқылы смартфонына жүктеп алып, сенімді діни ақпарат көзінен мағлұмат алуға болады.

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі – «Оразаға қатысты 150» атты кітапшаны Республика көлемінде таралуына қолдау білдірген Нұр-Сұлтан өкілдігіне, Алматы облысы өкілдігіне, Өскемен өкілдігіне, Қызылорда өкілдігіне, Атырау өкілдігі, Жамбыл өкілдігіне және Семей аймағының өкілдігіне шынайы алғыс білдіреді. Алла Тағала баршамызға кемшіліксіз ораза ұстауымызды нәсіп еткей.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

 Баспасөз қызме