Ақтөбе қаласы имамдары С.Бәйішев кітапханасының тұрақты оқырмандары 3977

Ақтөбе қаласы имамдары С.Бәйішев кітапханасының тұрақты оқырмандары

27 қараша 2024 436 Оқу 1 минут

Дін саласы мамандарының қоғамдағы негізгі мақсаты халықтың рухани білімге қол жеткізіп, асыл діннің негізгі қайнарын түсіндіру болғанымен, ұлттық болмыс, төл тарих пен мәдениеттің қайнарын бұзбай дамытуға атсалысу. Сондықтан да көпшілікпен жұмыс жасау барысында, уағыз-насихат жүргізу аясында діни ақпараттар мен қатар дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттап, халыққа жеткізу әрбір имам-ұстаздарымыздың басты миссиясы. Осы орайда облыстық кітапханамен тығыз байланыс жасап, әрдайым түрлі бағыттағы әдебиеттермен танысып отыру қажет дейді дін мамандары. Сондай-ақ,әр ай сайын кітапханаға арнайы келіп, кітап оқу үрдісін әдетке айналдыру негізгі ниетіміз деп және түсіндіріп өтті. Ендеше, имамдарымыздың ниеттеріне сәттілік тілеп, рухани ағартушылық жолында табыстар тілейміз!

Алла тағала дініміз бен дәстүрімізден ажыратпай, еңселі еліміздің аспанын ашық етсін!