Мәртөк жастарымен кездесу өтті
Мәртөк ауданында ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман «Рухани тәрбиенің діңгегі - дін мен дәстүр» тақырып аясында жастармен кездесу өткізді.
Кездесуде рухани тұрақтылық жайында, дін мен дәстүрдің сабақтас,егіз ұғым екендігі туралы ой қозғап, одан өзге «Бабаларымыз сан ғасырдан бері Ислам дінін ту етіп,оны тұрмыс-тіршілігіне салт-дәстүр, әдет-ғұрып ретінде енгізді. Бүгінгі таңда, дәстүрімізді жастардың бойына жақсы сіңірер болсақ, жат ағымның азғыруынан аулақ болып, өз халқының мәдениетін дұрыс біліп өскен жас түрлі ағымдардан іргесін аулақ салары анық» - деп айтып өтті. Кездесу соңында жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ауыл үлкендері ақ баталарын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі