Облыстық мешітте «Әлсіз адамның намазы» атты ашық сабақ өтті 2566

Облыстық мешітте «Әлсіз адамның намазы» атты ашық сабақ өтті

20 наурыз 2023 117 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен6 «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ақмарал Ерболатованың жетекшілігімен намаз бөлімі бойынша «Әлсіз адамның намазы» тақырыбында ашық сабақ өтті. 

Ашық сабаққа арнайы Қобда аудандық мешіттің ұстазы Баян Мустахап, Ақтөбе қалалық орталық мешіттің ұстазы Зейнеп Мұсақызы
және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова қатысты.

Ал қатысушы шәкірттерге намаздың сүннеттері, уәжіптері туралы мол ақпарат берілді. Әйел жамағатын асыл дінімізді баз қалпында сақтап, сүннет пен уәжіп үкімдерін сақтауға, пайдалы білім алуға шақырды. Тақырып заманауи технология көмегімен руханиятты байыту, иманды кемелдендіру мақсатында өткізілді.

Сонымен қатар ұстаздар мен шәкірттер арасында тақырып аясында пікір алмасу орнады және шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарға ұстаздардан тұщымды жауап алды.

Одан өзге сабақтықорыту мақсатында «крокодил» ойыны өткізіліп, қатысушы шәкірттер белсенді қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі