Ұстаздар мен шәкірттер «Болмаған балалық  шақ» фильміне барды 4293

Ұстаздар мен шәкірттер «Болмаған балалық шақ» фильміне барды

10 наурыз 2025 120 Оқу 1 минут

 Бүгін қасиетті Рамазанның 10-шы күнінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен 2025 жыл – «Ислам және отбасы» жылына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен ұстаздар мен шәкірттер «Болмаған балалық шақ» фильміне барды.

Фильмде отбасылық және ұлттық құндылықтар, Семей полигоны, 80-90-жылдардағы қазақ қоғамының атмосферасы көрініс тапқан. Залда ине жаншар орын болмады. Әр көрерменнің көңілінен шыққан туынды болды. Көрермендер көз жастарына ерік беріп, шүкір мен алығысын айтып, ерекше тебіреніспен шықты. Актерлардың шеберлігінен шынайы өмірде сол сәтте болғандай қабылдайтын отбасылық туынды.

Фильмнен кейін Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова шәкірттермен туындыға байланысты талдау жасап, отбасы құндылығындағы негізгі мәселерді атап өтті. Ал шәкірттер ұйымдастырған ұстаздарына алғысын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетсек, 27 ақпаннан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларында «Болмаған балалық шақ» фильмі көрсетіліп жатыр.

«Болмаған балалық шақ» – танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған кітабы. Осы тағдырлы шығарманың желісі бойынша драмалық фильм түсірілді. Бас продюсері автордың өзі – Ақберен Елгезек, режиссері – Айдын Сахаман, сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов.

Шынайы өмірге негізделіп жазылған кітаптың желісі бойынша Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы театр, Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы театрда қойылымда қойды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі