«Нұр Ғасыр»: «Қайырымды жұма» ұйымдастырылды 2179

«Нұр Ғасыр»: «Қайырымды жұма» ұйымдастырылды

14 қазан 2022 137 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті.
Облыстық орталық мешітте өткен іс-шара барысында мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абзал Медетбеков азық түліктен (Әр себетте 4кг ет, 5кг картоп, 2кг пияз және 1кг ұн) жасалынған қайырымдылық пакетін үлестірді.
Шара соңында көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Аталған қайырымдылық акциясына биылғы өнімінің үшірімен атсалысқан қобдалық бағбан бауырымыздың кәсібіне Алла Тағала берекет берсін!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі