Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының 1 легін 80 шәкірт тәмамдады 1792

Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының 1 легін 80 шәкірт тәмамдады

15 маусым 2022 228 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өтіп жатқан «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсының алғашқы легіне арналған дәрістері қорытындыланды.
Он бес күнге созылған курста білім алған ер және қыз балалармен қатар ата-аналар қатысқан салтанатты іс-шарада облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев діни сауат ашудың маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтты.

Өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатын сауат ашу курсының І легінде мектеп жасындағы 80 ұл және қыз бала дәріс алды.

Сонымен қатар Құран әліппесін үйреніп, Құранды өз бетімен оқитын дәрежеге жеткен шәкірттерге облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы атынан арнайы сертификат табысталды.

Мешіт жанын ұйымдастырылып отырған курста балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастархан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену т.б сынды дәрістер өтті.
Одан өзге шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында кинотеардағы тарихи киноларды көруге апарып, табиғат аясында серуендер ұйымдастырылды.

Айта кетсек, жазғы сауат ашу курсының ІІ лек тобына дәрістер 16 маусымнан басталады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі