1 Сафар
18:43 Екінті
Медицина мамандарынан кеңес берілді 4609

Медицина мамандарынан кеңес берілді

20 маусым 2025 43 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Ислам және құндылығы” жылы аясында мешіт шәкірттері және болашақ ақ халатты абзал жандар “Мен таңдаған мамандық. Медицина мамандарынан кеңес” атты семинар өтті.

Семинарды «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова ашып, шараның маңыздылығы туралы айтты.

Игі шара барысында болашақ дәрігерлер балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын үйретіп, үлкендерге денсаулық тексерісін жүргізді.

Сонымен қатар балалардың жасына сай дамуына байланысты кеңес беріліп, әжелердің қан қысымын өлшеп, инсульт кезіндегі BE FAST тестін таныстырды.

Одан өзге реанимациялық көмек көрсету жолдарын көрсетіп, остеопатия туралы толық түсіндірме жүргізіліп,балаларға тегін диагностика жасалды. Сүт бездірінің тексеруін жүргізіп, семинарға қатысушылардың сұрағына жауап берілді.

Шара қорытындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі