Шалқар: Әйел жамағатына «Ораза айына дайындық» дәрісі ұйымдастырылды 2560

Шалқар: Әйел жамағатына «Ораза айына дайындық» дәрісі ұйымдастырылды

20 наурыз 2023 141 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Ораза бабы» бойынша оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, кәффарат мәселелерін түсіндірді. 

Сонымен қатар Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова «Оразаның пайдалары» атты дәріс өткізді.

Одан өзге шәкірттер тарапынан оразаға қатысты сұрақтар қойылып, ұстаздардан тұшымды жауаптар алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешінің баспасөз қызметі