Ақтөбе: 15 шәкірт тәж киді 1391

Ақтөбе: 15 шәкірт тәж киді

05 наурыз 2022 399 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі әйелдер орталығының ұстазы Айдана Разақтың жетекшілігімен Құранға түскен шәкірттерге тәж кию рәсімі ұйымдастырылды. 

Рухани негіздегі іс-шара мешіт шәкірті Райхан Амангелдінің «Фатиха» сүресін оқудан басталды.

Сонымен қатар облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызы Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығы жайлы айтып өтті.

Шара Құранға түскен шәкірттердің Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтуымен жалғасын тапты. Одан өзге шәкірттер мен жамағаттар арасында ойындар жүргізіліп, үздік деп танылған жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

Ұстаз Айдана Разақ «Сауат ашу» курсында үш айдың ішінде араб әліпбиін танып, мұғалім сани оқулығын аяқтаған 15 шәкіртіне Құран Кәрім кітабын табыстап, салтанатты түрде тәж кигізіп, Құранға өтуімен құттықтады.

Мешіт шәкірттері келген қонақтарға дастархан жайып, алғыс алды.

Ұстаз Ардақ Бағдалқызы мен журналист, облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова шараның маңыздылығына тоқталып, алғашқы белесті бағындырған шәкірттерге ақ тілегін айтты.

Шара қортындысында ата-аналар мен шәкірттердің ішіндегі жасы үлкен апалар ұйымдастырушыларға алғысын, жалғастырушы Құран тобының шәкірттері тәж киген шәкірттерге арнайы лебіздерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі