Әйелдер мұқтаж отбасыларға ауызашар дастарханын жайды 3336

Әйелдер мұқтаж отбасыларға ауызашар дастарханын жайды

08 сәуір 2024 367 Оқу 1 минут

Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторының атсалысуымен белсенді мешіт жанашырларының ұйымдастыруымен жағдайы төмен, асыраушыларынан айырылған отбасылардың балаларына ауызашар дастарханы жайылды.

Сектор басшысы Кенжегүл Кушкарова аналар мен балаларды Рамазан айымен құттықтап, дұға-тілектер қабыл болатын қасиетті айдағы мың айдан да хайырлы болған Қадір түні туралы насихат айтып, 30 балаға, "Kraffers" халал өнімдерінен жинақталған "Рамазан тәттісін" табыстады.