#Рамазан2026: «Әжелер» мектебі тазалық жұмысын жасады 5986

#Рамазан2026: «Әжелер» мектебі тазалық жұмысын жасады

25 ақпан 2026 33 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айында мешіт – мұсылман қауымының рухани тәрбие ордасы ретінде ерекше күтім мен тазалықты талап етеді. Осыған орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Құран хатымға қатысушы әйел жамағаты тазалық жұмыстарына атсалысты.

Мешіттің намазханасы, оқу бөлмелері мен таһаратхананы ретке келтіріліп, жамағатқа жайлы жағдай жасауға мән берілді. Ақ жаулықты аналарымыз бұл игі іске белсенді қатысып, сауапты істің ұйытқысы болды.

Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән берілген. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген (Муслим)

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал етіп, әрбір мұсылман қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, Рамазан айында жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселенетінін ескерген абзал.

Аналарымыздың бұл бастамасы – жамағатқа үлгі, кейінгі буынға өнеге боларлық сауапты іс.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі