Әйелдерге бала тәрбиесі туралы семинар өткізілді 3227

Әйелдерге бала тәрбиесі туралы семинар өткізілді

01 наурыз 2024 313 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала тәрбиесіндегі даналығы» атты семинар өтті.

Семинарда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова «Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің орны» туралы сөз қозғап, салихалы ұрпақ өсіруде ұлттық құндылықтарымыздың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұл «Пайғамбардың бала тәрбиесіндегі принцептеріне» тоқталып өтсе, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Жұлдыз Алдаберген «Алланың алдындағы бала қақысы» жайлы кеңінен айтты. Одан өзге ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Арайлым Тоқсанбаева да тақырыпқа қатысты өз ойын ортаға салды. Семинар соңында мақал-мәтел айту бойынша ойын ойнатылып, белсенді қатысушыларға сый-сияпат табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі