Түркістан облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды
Бүгін Түркістан облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Еңлік Әбиева Ақтөбе облысына келген сапарында «Мұнара» телеарнасының өңірдегі студиясында қонақ болды.
Сектор жетекшісі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында «Қызғаныш — бүліктің қызған шағы» тақырыбында сұхбат берді.
Бағдарлама барысында журналист Ақтолқын Тажикованың әр сұрағына ислам және психология аясында жауап берді.
Сұхбатты жуырда ҚМДБ-ның төл арнасы «Мұнара» телеарнасынан көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































