"Қабақ баба" мешіті: 200 баланың қуанышы 6425

"Қабақ баба" мешіті: 200 баланың қуанышы

02 маусым 2026 33 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының ұйымдастыруымен халықаралық балаларды қорғау күніне орай Заречный-3 елді мекенінде орналасқан 61 орта мектептің 1-4 сынып оқушыларын мерекемен құттықтады. Жалпы 200 бала қатысты. 

Бастауыш сыныпты бітірушілерді жазғы демалысқа шығу мерекелеріне арнап тәттілер, 200 балмұздақ үлестірілді.

Жаз маусымын асыға күткен балалардың көңіл-күйлерін бір серпілтіп әрі қуаныш сезімін одан әрі еселеу үшін мешіт атынан мерекелік көңіл сыйланды.

Ата-аналар шараға мұрындық болған мешіттің бас имамы мен ұжымына алғыс айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі