«КӨРІСУ КҮНІ — ЫНТЫМАҚ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 4320

«КӨРІСУ КҮНІ — ЫНТЫМАҚ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

14 наурыз 2025 265 Оқу 1 минут

14 наурыз — Амал мерекесі Көрісу күніне орай Хромтау қалалық «ЕрТөстік» балабақшасында «Көрісу — ынтымақ пен берекенің бастауы» атты мерекелік шара өтті. 

Шараға Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы қатысты.

«Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді», -деді.

Ауданның бас имамы батасын беріп, елдің тыныштығын, жұртымыздың амандығын тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі