17 Зул-Қағда
Мәртөк: «Көрісу күнін» дүркіретіп тойлады 4332

Мәртөк: «Көрісу күнін» дүркіретіп тойлады

16 наурыз 2025 188 Оқу 1 минут

Мәртөк ауданында ата-бабадан жалғасқан дәстүр қайта жаңғырды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудандағы 15-тен аса мекемеде және тұрғындар арасында Көрісу күні ерекше аталып өтті.

Бұл күні ел бір-бірімен төс қағыстырып, үлкендер батасын беріп, амандық-саулық тілесті. Ұмыт бола бастаған «Жарапазан» жыры жырланып, дәстүрімізге сай ізгі ниет, ақ жарма тілектер айтылды. Бұл бастама халқымыздың ежелден келе жатқан сыйластық пен бірлік қағидаларын дәріптеуге бағытталған.

Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, бауырмалдығын арттыратын ерекше мереке. Осылайша, Мәртөк ауданы бұл күннің маңызын тағы бір мәрте айшықтап, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға өз үлесін қосты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі