Хромтау: Жамағат арасында интеллектуалды сайыс өтті 3096

Хромтау: Жамағат арасында интеллектуалды сайыс өтті

06 қараша 2023 1157 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасындағы бірлікті нығайту және білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Құран, ақида, фиқһ, сияр пәндері бойынша «DINTELLECT» интеллектуалды сайыс өтті. 

Сайысқа «Фатх», «Құрдастар», «Жастар», «Білгірлер», «Жастар – 1», «Кеңшілер» яғни 6 топ қатысты.

Сайыс қортындысы бойынша І орынды «Білгірлер» (25.000тг), ІІ орынды «Фатх» (20.000тг), ІІІ орынды «Жастар – 1» (15.000тг) тобы иеленді.

Одан өзге үздік нәтиже көрсеткен топқа ынталандыру сыйлықтар тарту етілді.

Айта кетейік, сайысқа 40-ге жуық адам қатысып, өз білімдерін сынады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі