БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ 5397

БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

03 маусым 2025 1 Оқу 1 минут

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов мырзаны қабылдады. 

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы рухани-мәдени қарым-қатынасты дамыту, діни бағыттағы өзара тәжірибе алмасу сынды маңызды мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, бұл кездесу екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ ислам діні аясындағы өзара серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған.