Ұстаз бен шәкірттер Амал мерекесімен тұрғындарды құттықтады
Бүгін Амал мерекесі Көрісу күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Ақнұр Айбарқызы мен шәкірттері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
«Ұмыттырар бар өкпе-дауыңызды,
Дархандықтың ортасы ауыл ізгі.
Жаңа жыл деп көктемді күтуші едік,
Бақ-береке 14 НАУРЫЗДЫ» деп ұстаз бен шәкірттер өлең шумақтарын арнайы айтып, Әз Наурыз бастауы болған Амал күнімен құттықтай келе, ауызашар бокстарын сыйлады.
«Дина» супермаркетінің алдында ерекше құттықтау иелері ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі