9 Зул-Қағда
Жастар секторы Амал мерекесінде қарияларды құттықтады 4319

Жастар секторы Амал мерекесінде қарияларды құттықтады

14 наурыз 2025 146 Оқу 1 минут

Бүгін Рамазанның 14-ші күні және Амал мерекесі. Көрісу күніне орай Ақтөбе өкілдігінде «Жастар ісі» секторының өкілі Аслан Дәуірханұлы бастаған жастар қаламыздағы қарияасы бар үйлерге барып, мерекемен құттықтады.

Халқымыз Амал келгенде бір-бірінен амандық сұрасып, көрісіп, ізгі ниеттерін білдіреді. Міне, осы қағиданы негізге алып, Көрісу күнінде жастар үлкендерге арнайы барып, сәлем беріп, жеміс-жидектер салынған қоржындарды сыйлыққа беріп, табыстады. Ал қазыналы қарияларымыз жас буын өкілдеріне ақ батасын берді.

Асыл дініміз барша адамзатты үлкенге құрмет көрсетіп, алғысын алуға үндейді. Амал мерекесі – қол алысып, көрісетін күн ғана емес, жүрекке жылу сыйлайтын, мейірім мен бауырластық барынша дәріптелетін игі дәстүріміздің бірі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі