«Әйелдің құқықтары мен міндеттері» атты семинар ұйымдастырылды
Биыл яғни 2025 жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда «Бақытжан» мешітінде әйел жамағатына жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту, ажырасудың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Әйелдің құқықтары мен міндеттері» атты семинар өтті.
Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған. Өйткені, кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор. Әр отбасының іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін отбасындағы ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттерге, отбасылық әдептерге мән бергені дұрыс. Сонда ғана ол шаңырақта сыйластық пен сүйіспеншілік орнайтындығы туралы семинарда айтылды.
«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова әйел құқықтары: ілім алу, құлшылық, сый мен жазада тең екендігі, дініміздегі әйел адамның дәрежесі, мәртебесі, надандық дәуіріндегі әйелдердің жағдайы, талақ пен мәһр мәселесі, некенің түрлері мен мақсаты, әйелдерге берілетін мирас, әмеңгерлік пен құда түсу жоралғылары, әйелдің табысы мен ризығы туралы келген жамағатқа толығымен түсіндіріп берді.
Сондай-ақ мешіт ұстазы Елшібекова Назерке «йелдің міндеттері: ер разылығы, бала тәрбиесі, ар-ождан мәселесі және де үй тірлігі жайлы түсіндірді.
Шара қортындысында төрде құрметке бөленген мешітіміздің ақ жаулықты әжелері өмір тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты
Қатысушыларға ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Отбасы құндылықтары мәселесінде сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі