Шәкірттер 100 адамға қуаныш сыйлады 2635

Шәкірттер 100 адамға қуаныш сыйлады

04 сәуір 2023 214 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан қаламыздың ораза ұстаушы 100 адамға су мен құрма таратылды. 

Оның ішінде 60 тегін су мен құрма «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатына, ал қалған 40 данасы қаламыздың тұрғындарына берілді. Алдағы уақытта қайырымдылық шарасы жалғасын табады.

Аталған игі шараға 20 шәкірт қатысты.

Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айындағы барлық жасаған жақсылықтарды Алла Тағала қабыл еткей!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі