Әйел-қыздар секторы Құран апталығын қортындылады 967

Әйел-қыздар секторы Құран апталығын қортындылады

16 қазан 2021 295 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Әйел-қыздар секторы Құран апталығын қортындылап, іс-шаралар өткізді.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзаева мен Айдана Разақ әйел жамағатына «Құран – мәңгі мұғжиза» тақырыбында іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада Құранның тілдік, терминдік анықтамалары, сүрелер мен аяттар жайлы толығырақ айтылды.

Сонымен қатар Құранға қатысты бейнежазбалар көрсетілді.

Одан өзге Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалда Құран апталығына орай дәріс кезінде шәкірттеріне шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында билет арқылы шәкірттері Құранға қатысты сауалдарға жауап берді.

Ал «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың мұрындық болуымен «Құран – хақ кітап» тақырыбында Құран апталығы қортындыланды.

Аталған апталық аясында әйел жамағаты мен сауат ашу курсының шәкірттері сұрақ-жауап аясында өткен ойынға қатысу арқылы білімдерін шыңдады. Ойынның қортынды есебі бойынша «Әжелер» тобы бірінші орынды иеленді.

«Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісінің айтуынша игі шаралар Мәуліт айының құрметіне орай жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі