«Сұлулық әйелге жарасады» атты арт-терапия өтті
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде әйел жамағатына «Ислам және отбасы құндылығы» жылында әйел жамағатының рухани және психологиялық хәл күйіне көңіл бөлу мақсатында «Сұлулық әйелге жарасады» атты арт-терапия өтті.
Әйелдің отбасы және ұрпақ тәрбиесі, қоғам алдында бірқатар жауапкершілігі мен міндеттері бар. Әйел адам әлсіз, нәзік жаратылысымен өзіне деген қамқорлық, жанашырлық, күтімді қажет етеді, тәні де, жаны да тез шаршайды. Міне осындай жағдаяттарды ескеріп, «Бақытжан» мешіті жамағаты бір уақыт күллі мәселелерін ұмытып, сырлы өнер аулына саяхат жасап, ішіндегі сезімдерін қағаз бетіне бейнелеп, сырласу сұқбатын құрды.
Шара қонағы кәсіби суретші Гаухар Алиманова жамағатқа бейнелеу өнерінің қыр-сырын, бояулар мен түстер үйлесімі туралы пайдалы ақпараттар берді, әр қатысушының қасына барып қажетті кеңестерімен бөлісті.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі