«СЫПЫРА» ТІГУДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ 3241

«СЫПЫРА» ТІГУДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

29 ақпан 2024 245 Оқу 1 минут

"Ислам және Дәстүр құндылығы" жылы аясында "Бақытжан" мешітінің әйел жамағатына СЫПЫРА тігуден шеберлік сағаты өткізілді.

Алғы сөзінде мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова ҚМДБ бас мүфтийі Н.Тағанұлының биылғы жылдағы алға қойған маңызы, мақсаты туралы айта келіп ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, салт-дәстүріміздің озық үлгілерін дәріптеуде қазақ аналарының қосар ерен еңбегі мен үлкен үлестері туралы кеңінен айтып өтті.

Жиынның қонағы, жас тігінші Айзат Нұрханқызы өз сөзінде сыпыраның шығу тарихы, қолдану аясы, тігілу жолдары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Шеберлік сағатына 30-ға жуық мешіт жамағаты қатысты. Шеберлік сағатында бір уақыт ұмыт болған, бүгінде қайтадан жаңғырып келе жатқан сыпыраны тігудің қыр-сыры түсіндірілді. Әр қайсысы қазақи қонақжайлығымыздың әдемі куәсі болатын сыпыраны сапалы етіп, бірлесе отырып өзара жәрдеммен тігіп шықты.

Жиын соңында мешіт ұстазы А. Қойшығұлова жиылған көпшілікке алғысын білдірсе, мешіт жамағаты тігінші шебер А.Нұрханқызына ризашылықтарын беріп, әжелер жағы батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі