Ақтөбе: «Рамазан тағылымы» атты рухани кеш  ұйымдастырды 1461

Ақтөбе: «Рамазан тағылымы» атты рухани кеш ұйымдастырды

28 наурыз 2022 292 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазан тағылымы» атты он екі айдың сұлтанының құрметіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Аталған шара Жанерке Өмірзақованың «Қош келдің Рамазан» атты өлең шумақтарын оқудан басталып, Бақыт Азаматтың орындауындағы Н.Тілендиевтың «Әлқисса» күйімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұлық айдың маңыздылығын айтып өтті.

Кештің ең маңызды сәті – балалар үйінен 21 баланы өз қамқорлығына алған Жетесовтер отбасы қонақ болып, шәкірттермен етене танысты. Ал құрметті қонақтар алғыс ретінде өз өнерлерін көрсетсе, «Рамазанға сый» атты Жетесовтер отбасына хадия берілді.

Одан өзге кеш барысында шәкіртер «Ораза нығметі» атты көрініс қойды.

Ғибратқа толы рухани кеш соңында ұстаздар барша жиналған қауымға «Ораза қатысты 150 сұрақ» кітабын таратып, ақжаулықты әжелер мен Жетесовтер отбасы ұйымдастырушыларға игі тілегін білдірді.


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі