Дастан Құрманбаев шәкірттермен кездесті
Бүгін РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3» мешітінің Бас имамы Дастан қари Құрманбаев Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесініне (қарилар орталығы) барып, шәкірттермен кездесті.
Кездесу барысында «Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола алады. Құранды жеңіл жаттаудың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік қырлары мен сырлары бар», -деп РАНТ мүшесі Құран жаттаудың артықшылығын баяндады.
Одан өзге имам Бухари (р.а.): «Жаттау үшін – адамның білімге құштар болуы және сонымен қатар жаттаған нәрсесіне әрдайым қарап отырудан пайдалысын білмедім», – дегенін айта келе, қарилық жолындағы кеңестерінде атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі