Ақтөбе: Тарихи мешітте жаңа наиб имам тағайындалды
Ақтөбе қалалық орталық мешітіне наиб имам болып Қанат Қасымов тағайындалды.
Қанат Қасымов Аманкелдіұлы 1989 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген. Отбасылы.
Ол бұған дейін 2019-2021 жылдары «Ақтөбе» медресе-колледжінде ұстаз, 2021 жылдан 2025 жылдың 26 қыркүйегіне дейін «Әл-Ләтиф» мешітінде имамдық қызметін атқарды.
Білімі жоғары. «Исламтану» мамандығы бойынша 2012-2015 жылдары «Ақтөбе» медресе-колледжін, 2015-2019 жылдары «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген.
Жаңадан тағайындалған наиб имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тағайындау бойынша бұйрығын оқып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Қаланың Бас имамы тарихи мешіт қалалық орталық мешітінде «Ұрпақ тәрбиелеуде – ұстаздың орны» тақырыбында жұма насихатын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































