Есет Батыр кесенесіне зиярат тақтайшасы орнатылды 2909

Есет Батыр кесенесіне зиярат тақтайшасы орнатылды

05 қыркүйек 2023 165 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Ихсан және насихат» бағытының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, еліміздегі әулиелер мен діни қайраткерлердің кесенелерінде зиярат ережесін насихаттайтын тақтайша орнату ісі күн тәртібіне қойылған болатын.

Осыған орай, Ақтөбе облысы, Алға ауданының Бас имамы Әбдуахид Әбдікәрімұлының ұйымдастыруымен Алға ауданында орналасқан Есет батыр кесенесіне «Зират және зиярат әдебі» тақтайшасы орнатылды.

Одан өзге ҚМДБ «Дархан дала» отандық туризм жобасы аясында Есет батыр Көкіұлы зиратында зиярат жасалып, марқұмның рухына Құран бағышталды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі