Бас имам мешіт жанашырларын марапаттады 2313

Бас имам мешіт жанашырларын марапаттады

11 желтоқсан 2022 135 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ондық алқа мүшелері мен мешіт жанашырлары марапатталды. Мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жылды қортындылаумен қатар, келер жылға жоспарлар құрылып, биік бастамалар қолға алынып жатқандығын айта өтті. Сондай-ақ тиісті деңгейде атқарылған іс-шараларға қолдау білдіріп, әрдайым асыл дініміз үшін бар еңбегін аямай жүрген азаматтарға Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қолға алынған әрбір бастамаға атсалысып, қолдау білдіргендеріне ерекше алғысын айтты. Асыл дініміздің дамуы мен қоғам игілігі үшін атқарылып жатқан әр іске қосқан үлестерінің екі дүниеде де еселі сауапқа қауыштыратынын ескеріп, Жаратушымыз Өзі разы болған кемел істерде әрдайым себепкер болып, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке тіледі. Сонымен қатар мешіт атынан сый-сияпаттар тарту етті.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті